ТРАКТОРИСТЕР ІСІ БОЙЫНША СОТТАЛҒАН БАУЫРЫМЫЗҒА КӨМЕКТЕСЕЙІК

ТРАКТОРИСТЕР ІСІ БОЙЫНША СОТТАЛҒАН БАУЫРЫМЫЗҒА КӨМЕКТЕСЕЙІК

Жақын арада «трактористер» ісі бойынша айыпталып, 5 жылға сотталып, темір торға тоғытылған бесеудің бірі Теңілік Нұрланов бостандыққа шығады.Теңілік бауырымыз қолынан өнер тамған ұста екен. Түрмеде жәй отырмай осындай Шахмат тақтасы сияқты бұйымдарды жасап жүр.Айтпаса да түсінікті, ол жақтан шыққаннан соң бірден жұмыс тауып, қалыпты өмірге бейімделу оңай болмайды. Сондықтан осындай жігіттерге қолымыздан келгенше көмектесейік ағайын. Теңілік бауырымыз бізден ақша сұрап отырған жоқ, ол таза еңбекпен күн көріп, өз қолымен жасаған бұйымдарды сатып, бостандыққа азда болса тиын тебенімен шыққысы келеді.Теңілік және онымен бірге сотталған жігіттеріміздің кінәсіз екенін білеміз, олар саяси репрессияның құрбандары. Әділ сот атымен жоқ елде, осындай асыл, батыл, он саусағынан өнер тамған талай жігіт пен қыздарымыз темір тордың ар жағында отыр. Біздер өкінішке орай, оларды босата алмай отырмыз, бірақ қолымыздан келгенше демеу жасап қолдайық. Шахмат тақтасын алам деушілерге, жәрдем берушілерге Сагат Кульжаханов ағамызға хабарласуыңызға болады.

Телефоны: +7 705 717 5310

#делотрактористов #трактористерісі

Поделиться

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *