Қазіргі еліміздегі экономикалық және әлеуметтің жағдайдың деңгейін көтеру үшін орасан көп көлемде қаржы мен күш-қайрат жұмсауды қажет ететіні аян. Халықтың сеніміне сүйенгеннің өзінде, билікке мемлекетіміздегі қордаланып қалған көптеген мәселелерді шешуіді іске асыру оңай емес. Оған біздің билік дайынба, мәселе сонда. Мемлекеттің келешегі мен тәуелсіздігі биліктің экономикалық және саяси даму бағытын айқындайтын ұстанымының анық және берік болуы табиғи заңдылық. Біздің елде осы заңдылық орындалып отыр ма? Экономика тәуелсіз болмай, саяси тәуелсіздік болмайды. Бодандық құрсауынан шығып өз тәуелсіздігін алып, капитализм бағытын ұстанған елдің экономикалық тәуелсіздігін жаңа пайда болған ұлттық бұржуазиясы ғана қорғай алады. Бұл, тарихи әлемдік қоғамдаму тәжірибесі көрсетіп келе жатқан даму заңдылығы. Басқа елдердегідей, біздеде өз ұлтын қадірлейтін, халқының келешегі – өз ұрпағымның келешегі деп ойлайтын текті бай-бақуаттылар ғана жұртына адал қызмет ететін мемлекетшілдер болатынын біздің билік ескермеді. Авторитарлық НАН дәуірінің ғылыми негізі жоқ, экономикалық сауатсыз, әсірелік саяси бағыт ұстанымы – ел тәуелсіздігінің кепілі болатын жаңа ұлттық буржуазияның пайда болып, дамитын жолын жауып тастады. Ұлттық байлық, өз жұртының мүддесін қорғайтындар өкілдеріне бұйырмай, халықаралық бизнес алпауыттары мен жергілікті ниеті қара, тексіз, арына кір сіңгендердің үлесіне айналды. Соның салдарынан, елімізде ұлттық бизнес жүйесін дамытып, халқының әлеуметтік жағдайын шешіп, мемлекетшілдік жаңа қоғамдық сананы қалыптастыратын өндіріс күші (производительные силы) өмірге келмеді. Оның орнына билікке келген отбасы мен аздаған топ, елімізді жемқорлық, парақорлық, ұрлық, жағымпаздық, кадр таңдаудағы тамыр-таныстық, теңсіздік пен әділетсіздік жайлаған жағдайға алып келді. Бұл жағдай халық пен билліктің арақатынасында сенімсіздік тудырып, елдің бірлігі мен ынтымақпен ұйысуына кесірін тигізгені аян. Бұл, кемшіліктер заңмен, жарғымен ешқашан шешілмейді. Оны шешу үшін нақтылы, жігерлі өзгерістер қажет. Қоғамдық сана өзгермей – өмір өзгермейді.
Еліміздің тәуелсіздігін сақтау үшін – мемлекеттің ұстанымы берік болып, ғылыми, сауатты ұлттық сана негізінде жаңа қоғамдық сана қалыптастыруы қажет. Халық пен билік бірін-бірі естіп, қолдап, қорғап ортақ мақсат үшін, ынтымақпен елдің бірлігін нығайтса ғана мықты, тәуелсіз мемлекет бола алады. Бұл жолды таңдамай, алпауыт елдердің етегінен ұстауға әуестену елімізді экономикалық, соңынан саяси тәуелділіктің құрсауына алып келуі ықтимал. Қазіргі жағдайда орын алып отырған негізсіз әрекет, АЭС салуға қаржы жұмсау экономика жағдайы көтермейді. Яғни мемлекеттің қарызға батуы мүмкін. Бұл бағыт, өз халқының тағдырына келешекте зиян әкелетінін ұқпаудан туындап отырма деген ой туады.
АЭС салу туралы Назарбаевтің автократиялық дәуірі күш алып тұрған 2008 жылдың 19
желтоқсанда Ақтау қаласында Қоғамдық тыңдауда өткізіліп, Мәлімдеме қабылданған.
Қоғамдық тыңдауда, Республика халқының қарсылық білдірген талабы нақты жан-жақты
дәлелдермен ашық айтылып, билік халықтың талабын мойындаған болатын. Содан кейін,
авторитарлық билік бұл мәселені қайтып көтерген жоқ. Өйткені, халықтың шешімі мәңгі,
ол өзгермейді! Неге бұл сұрақ қайта көтеріліп отыр. Қазақстанда не өзгерді?.. Қазіргі билік
пен жаңа саяси элита халықтың пікірімен санаспағаны ма?.. Әлде, референдумды
үйреншікті сайлау өткізгендей қортынды шығару үшін пайдалануды ойлайма?.. Олай
деуге, телеарна жүйесі таратып жүрген АЭС салу пайдалы деген халықтың еш қатынасы
жоқ жиындарды көрсетуі себеп болып отыр. АЭС салуды қолдайтындардың ресми ақпарат
құралында таратып жүрген, осы электрқуатынның көзін пайдалану экологияға зиян әкелмейді
дегендері шындыққа жанаспайды. Бұл халықты ашықтан-ашық алдау. Ғылыми негізсіз үгіт.
ҚР энергетика министірлігінің мәліметінде 2018 жылы елімізде 106,797 млрд кВтч, электрқуаты өндіріліп, 103,228 млрд кВтч. тұтынылған деп көрсетіліпті. Яғни, өндірілген электр қуатының көлемі, тұтынушылар пайдаланғанынан 3,5 млрд кВтч. артық өндірілгенін көрсетеді(профицит). Сонда, кейінгі жылдарда елімізде электрқуатын өндіруде алаңдатушылық тудырған жетіспеушілік(дефицит) қайдан, қалай пайда болған. Әзірге, елімізде жаңа зауыт пен фабрикалар салынып, солардың шығаратын өнімдері жұрттың қажетіне жарап, еліміздің тұтынушылары сатып алып, мемлекеттің қоржынына құйып жатқан қаржы туралы дерек жоқ. Сонда электрқуаты қайда, қалай пайдаланған деген сұраққа жауапты кім береді?
Біздің елде атом стансасын салуға халық неге қарсы деген сұраққа жауап.
АЭСтің барша адам баласына зиян әкелетінін білгісі келген адам әлемдегі Дүниежүзілік
Экология Қорғау қоғамдарының мәліметтерімен таныссын. Біздің ел, кешегі «Семей полигоны
синдромының» қасіретін ешқашан ұмытпайды. Оның зардабы енді неше ұрпақтар буынының
тағдырына және қанша ғасырларға жалғасатыны, бізге әлі белгісіз. Оны АЭС саласындаағы
ғалым-мамандар айта алмайды, жасырады. Семей ядролық полигонының адамдардың
денсаулығы мен табиғатқа әкелген зардабынан пайда болған зиянының жалғасуын ғылыми
зерттеп келешек ұрпақтың тағдырын ойлаған ешкім жоқ. Оның генетикалық дамуға
әкелетін зардабын жалғыз қазақ елі ғана көрмейді. Қазақстан жұртымен араласып (қанмен)
ассимиляцияға түскен көрші елдер мен басқа халықтарда шегетіні ықтимал. Оған, кезінде
халықтың үніне көңіл бөлмей қазақ жерінде жүргізілген әскери тәжірибелік жарылыстар
мен «Байқоңыр» космодромының экологиялық зиян әкелетін полигонга айналып гептилден
адамдар, жан-жануарлар, табиғаттың зардап шегіп отырғаны қосылатынын ескеру керек.
Осылардың әкелген зиянының салдарынан елімізде: онкология, жүрек-қантамыры, демалу-
тыныс, орталық жүйке жүйесі, инфекция, сәуле(лучевая) т.б. ауруларының дендеуі және
балалар мен жүкті әйелдердің өлімдерінің орын алып отырғанын ұмытпайық.
Мәселе, АЭС салудың кімге пайда әкелуінде. Бұл әлемдегі ядролық қуатты өндіруден пайда табу үшін ынталы азғана ірі алпауыт мемлекеттер мен трансұлттық компанияларға ғана қажет. Қазіргі заманда империялық бағыт ұстанғандар, бұрынғыдай қару күшімен геосаясат ойындарын іске асыра алмайды. АЭС салу арқылы басқа жұртты экономикалық торға қамап, сол елдерді экономикалық-саяси тәуелдікте ұстау жаңа басталған құлдық бұғаудың бір түрі. Осыдан сақтану қажет. Тәуелсіздігін енді ғана алған еліміз, осы айла-қақпанға түсіп қалмау ғана халқымыздың егеменді мемлекет болуына кепіл бола алады.
Бір АЭС салуға орташа 10 млрд. доллар жұмсалады екен. АЭС өндірген қуатының 20% өзін салуға жұмсалатыны тағы бар. Өндірілген бір киловат электрқуатының бағасы 5000 доллар тұрады. Оның ішіне пайдаланатын ядролық отынның қалдықтарын өңдеу мен сақтауға және залалсыздандырудан кейін көмуге жұмсалатын қаржы кірмейді. Осыдан басқа АЭС-ң жұмыс істеу мерзімі (20-25ж.) біткеннен кейін, оны залалсыздандыруға, яғни бұзуына(демонтаж), оны қалдығын басқа жаққа жеткізіп қауіпсіздігін сақтайтын арнайы салынған қоймаға орналастырады. Оны жерге көміп сақтауға миллиардтаған доллар қаржы жұмсалады. Енді осыған АЭС-тің ядорлық отын қалдығын өңдеуге, сақтауға және көмуге кететін шығын қосылады. Бұл қаржының көлемі қалдықтың залалсыздандырып барып жерге көмген соң, кейінгі сақталатын ұзақ уақытына байланысты. АЭС қалдықтарын сақтауға кететін шығынның көлемі, сол стансаны салуға кеткен шығыннан 10 есеге таяу артық кететіні аян. АЭС пайдаланатын ядролық отынның адам денсаулығына келтіретін зиян, оның табиғи ыдырау қасиетінің мерзіміне байланысты. Оны пайдаланғаннан кейінгі қалдығының табиғи ыдырауы бір мың жылдан асып, талай мың жылға кетеді деген ғылыми болжамдар бар. Адамзат тарихында атом энергиясын пайдалана бастағанына жүз жылда болған жоқ. Қазіргі заманда оның қалдықтарын мыңдаған жыл сақтауға шыдайтын арнайы қоймалар жасайтын заттардың жоғы белгілі. Ондай мерзімге шыдайтын әзірге бірде-бір метал мен құрылыс материалдары жоқ. Ондай заттарды өндіруге болады деп, қазіргі ғылым деңгейі мен техникалық мүмкіншілік кепілдік бере алмайды. Осыны ескеретін болсақ, біз аз уақыт пайда көреміз деп, келешек ұрпағымыздың мойнына парыз етіп іліп, ядролық отынның қалдықтарының табиғи ыдырау мезгілі біткенше сақтауды жүктеумен олардың тағдырын сан мың ғасырларға созылған қасіретке ұшыратуымыз қажет пе? Оны сақтаған мыңдаған жылдарда талай табиғи, басқада апаттар болып, сол қоймалардың істен шығуы мүмкін. Оның зардабын кейінгі ұрпақ көрмей ме? АЭС толық шығындары туралы, оны салушылар ешқашанда ашық айтпайды, тек АЭСтың салынатын бағасын көрсетеді. Ақиқаты сол, АЭС өнімінің тиімді, арзан болатыны күмәнді. Халық АЭС салуға келісім бермейтіні белгілі.
Халық референдум өткізуді қолдайды. Ол үшін асықпай, барлық облыстардың аудандарында жоғарғы билік пен халық, екі жақтың пікірін ашық айтатын мамандар, ғалымдар, белсенді қоғам қайраткерлер, зиялы қауым мен жергілікті жұрттың қатардағы өкілдері қатынасқан Қоғамдық тыңдаулар өткізілуі қажет. Яғни, пікір таласты демократиялыққ жолмен өткізу керек. Сонда ғана референдумның әділ өттуі мүмкін. Бұл, Қазақстан халқының келешегі мен ұрпағының және ата-бабадан қалған құнсыз мұра, туған жерінің тағдырына байланысты өте маңызды мәселе. Халық пен жердің тағдырына зор жауапкершілікпен қарау қажет. Бұл, бір адам, не саяси элита шешетін мәселе емес, оны халық шешуі керек. Алдымен осы мәселенің шешілуі үшін өткізілетін Қоғамдық тыңдаудауға қажет мына үш сұраққа салаға жауапты министіліктің ресми жауабы болуы қажет:
Бірінші, еліміздегі өндірілетін электрқуаты мен тұтынатын электрқуатының теңдігі (баланс) қай деңгейде екенін анықтау мен өндірілген электрқуатының көлемі мен оның қаншалықты тиімді пайдалануын сараптамадан өткізілгені туралы деректер;
Екінші, елімізде электрқуатын өндірудің табиғи көзі (резервы) жер қойнауы байлығы, жел, күн, өзен-су, жер жылуы т. б. қажетті қуат шикі заттардың көлемін анықтайтын барлау жұмыстары мен ғылыми зерттелген нақтылы деректер негізінде, сол ресурстарды тиімді пайдалану үшін жасалған мемлекеттік бағдарлама жобасы;
Үшінші, тарихи қалыптасқан электрқуатын өндіруге пайдаланып отырған табиғи куат көздерін тиімді, ғылыми жетілдірілген жаңа технологиялар енгізіп табиғатқа әкелетін экологиялық зардабының азаю коэфицентінің деңгейінің жыл сайынғы өсуі (құлдырауы) мөлшерін анық көрсететін деректер мен соның нәтижесін бақылау деңгейін көрсететін құжаттар.
Референдум өткізбей тұрып барлық облыстардың аудандарында Қоғамдық тыңдаулар өткізілуі қажет. Сол Қоғамдық таңдауларда өкімет, күн тәртібінде талқыланатын мәселеге байланысты, халыққа АЭС салудың қажеттілігі және тиімділігін дәлелдеу үшін мына сұрақтарға тұшымды, нақтылы құжатқа сүйенген жауап болуы керек:
- Отыз жылда елімізде электрқуатын пайдалану көлемін өсіруге байланысты іске асырылған шаралар (жаңа ЖЭС, ГЭС, жел, күн қуаты стансаларын салу және ескі стансалардың технологияларын жетілдіру, жаңарту, қайта құру, т.б. ) және соған жұмсалған қаржының көлемі мен тиімділігі;
- Электрқуатын пайдалану тиімділігі (өсу-құлдырау) коефиценті мен әр жылғы дефицит пен профициттің нақтылы көрсеткіштері;
- Электрқуатын тасымалдау жүйесі технологиясында жоғалатын қуаттың көлемі мен диамикасы және сол шығындарды қысқартуға бағытталған тасымалдауды жетілдіру мақсатында жасалған іс-шаралар (ғылыми ізденістер арқылы әлемдегі технологиялық жетістіктерді енгізу) және соған жұмсалған қаржылар және оның тиімділігі;
- Еліміздің электр қуатын өндіретін табиғи көздері (резервы) – таулы жер өзенінің суы, күн қуаты, жел және газ тағы басқа табиғи шикізат байлықтардың ғылыми зерттеліп, анықталған қорының көлемі мен аймақтар (қай жерде) туралы деректер және соларды пайдаланған кезде (Мемлекеттік бағдарлама) олардың жеке әрбіреуінің өндірген бір киловат электрқуатының өзіндік құндары қандай болатын көрсеткіштер;
- Елімізде қалыптасқан электрқуатын өндіруге пайдаланып отырған табиғи куат көздерін иімді, ғылыми жетілдірілген жаңа технологиялар қашан, қай жерлерде енгізілген (Мемлекеттік бағдарлама). Сол жасалған істеррдің нәтижесінде табиғатқа, адам денсаулығына әкелетін экологиялық зардабының азаю деңгейі және оның жыл сайынғы динамикасы. Соған жұмсалған қаржылардың тиімділігі;
- Салынатын АЭС -ың құрылысына жұмсалатын қаржының көлемі (құрылыс пен қондырғы бағасы және іске қосуға кететін шығын);
- АЭС нақтылы толық қуатын пайдаланып жұмыс істейтін мерзімі ішінде (25?-30? ж.) оған пайдалану кезінде жұмсалатын қаржының толық көлемінің (күтілетін) есебі;
- АЭС -і түрлі сыртқы факторларға байланысты туындайтын қауіптен және өзі орналасқан өңірде адамдарға, аймаққа экологиялық зарбын болдырмауға байланысты жұмсалатын қаржылық шығын көлемінің (күтілетін) есебі;
- АЭС жұмысы толық тоқтағаннан кейін, оның толық қызмет еткен мерзімі кезінде пайдаланған отынның қалдығын залалсыздандыруға кететін шығын. Яғни, пайдаланған заттардың табиғи ыдырап залалсыз болу мерзімі таусылғанша (ол мерзім неше ғасырға созылады?) арнайы сақтайтын кешеннің құрылысы мен пайдаланған қалдық заттардың толық ыдырап, залалсыз болғанға дейін кететін қаржылық шығын көлемінің (күтілетін) есебі;
- Тоқтаған АЭС толық демонтаждан өткізіп оның қалдықтарын залалсыздандырып басқа жерде орын тауып, орналастырып сақтауға кететін шығынның көлемі(жоба):
- АЭС салуға кететін нақтылы шығынның көлемі жоғарыда аталған шығындардың жиынтығына тең. Яғни, оның нақтылы өндірген электрқуатының бір киловатының бағасы шығын жиынтығын АЭС қызмет көрсеткен жылдардағы өндірген барлық электр қуатына бөлгенде шығады. Тек осы көрсеткіш АЭСтің экономикалық тиімділігін анықтайды. Өкімет, осы көрсеткішті есептеп шығаруы керек. Басқа көрсеткіштің ғылыми негізі жоқ;
- Салатын АЭС- тің толық шығынын анықтау үшін оның жұмыс істеген жылдары еліміздің экономикасындағы әр жылдардағы қаржылық инфляцияның көрсеткіштерін ғалым -мамандар ғылыми болжамды пайдаланып ұсыныс жасауы қажет. Өйткені, сол АЭС жұмыс істеген жылдарда экономикалық даму ерекшелігі, ол кездерде ғылым мен технологияның даму үрдісі өзгеріп, құрылыс материалдар мен өндірілетін заттар мен қондырғылардың бағалары күрт өсуі ақиқат. Осы жоғарыда аталған сұрақтар негізінде талдау жүргізіп қана АЭС- тің нақты экономикалық тиімділігін анықтайтын бізде ғылыми-зерттеу орталығы бар ма?
- Қазақ жері атомның зардабын шегіп отырған бірден бір ел. Оның зардабының (адамдар денсаулығына келетін) ұрпақтан ұрапаққа жалғасыуы көзге көрінбей геометриялық прогреспен өсіп жатыр. Ол Семей, Қарағынды, Павлодар, Шығыс өңірінен басқа өңірлерге кең тарап кеткен дерт. Атом жарылыс сынағының сансыз жылдарға созылатын кесіріне кезінде Кеңес Одағы да, қазір ресейдің де, біздің де билік ұмытқан, бірақ халық оның зардабын тартып келеді. Және бұл мәселені көтермеуге барлық алпауыт елдер мүдделі. Сондықтан, өкімет, тек полигон аймағын залалдырғанымен шектелмей, адамдардың тағдырына көңіл аударатын кез келгенін дәлелдейтін « Атом, гептил, әскери сынақтардан адамдарға келген зардабын жою» деген бағытта, солардың кесірінен жалғасып жатқан аурулармен күресу үшін республиканың бар халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы Мемлекеттік бағдарлама (жан-жақта зерттеулер мен ғылыми ізденістер негізінде) жобасын ұсынуы қажет» (Мемлекеттік бағдарлама). Оған өкімет дайын ба?
- Өкіметтің, кезінде біздің елде трилондаған көлемде шығын шығарып, АЭС-ке тәуелді болмайтын, елімізде «Жасыл электрқуатын» өндіретін табиғи қуат көзін дамытамыз деп өткізген ЭКПО- ға кеткен қаржының өтеуі болатын таулы өзен суларын, күн қуатын, жел күшін пайдаланатын мемлекеттік бағдарлама бар ма?
Біздің ел үшін бір – ақ жол бар ма? Бар!
Ол жеріміздің электрқуатын өндіруге қажет табиғи қауіпсіз, экологияға зиян әкелмейтін бай ресурстарын зерттеп пайдалануды жолға қою. Яғни, электрқуатын өндіру үшін ғылым мен технологияның жетістіктерін дер кезінде жедел өндіріске енгізіп, электрқуатын үнемдеп, тиімді пайдадануын іске асыруы қажет. Қазіргі уақытта біздің елдегі өндірілетін электрқуатының 20-30% оны тасымалдау жүйесінің тиімсіздігінен жоғалады. Әлемде осы мәселені шешетін технологияның ғылыми жетістіктер жоқ емес, бар. Сол жетістіктерді ескеріп, энергетика саласының дамуына ерекше көңіл аударса, қосымша біраз электрстансаларын салуға болады. АЭС адамзаттың тағдыры мен табиғаттың сақталуына әкелетін орасан зиянын тоқтатуға қазіргі ғылым деңгейі жетпейді. Содықтан асықпау қажет. Ғылымның даму келешегі ары кетсе 50-100 жыл арасында, электр қуатын өндіруге гравитация, ғалам кеңістігінің сәуле-электрон құйыны мен жанартау қуатын өндіріске пайдалануға болатын құпиялардың сырын ашуы келешектің ісі.
АЭС салуды жалғыз экономикалық көзқарас арқылы, не болмаса саяси мәселе шешуге байланысты қабылдау еліміздің, ұрпақтың келешегіне зиян әкеледі. Әлемдегі саяси-экономикалық даму үрдісіне өз ықпалын жүгізіп отырған алпауыт елдер мен трансұлттық компанияның ашқарақтығы дүниежүзі халықтарының АЭС-ке қарсылығына қарамай, өзіне пайдалы осы бағытқа біраз елдерді байлауға жандарын салып отыр. Осы қауіпті ұмытпау керек!
АЭС салу мәселесіне келгенде, экономиқалық көрсеткіштерге ғана сүйеніп, оның еліміздің келешегіне, ұрпақтың дағдырына, адамдардың денсаулығына, мемлекеттің тәуелсіздігіне зиян әкелетін торға қамалудан сақтану қажет. Егер, қазақ жерінің байлығын бір күнгі пайданы қумай, ысырапқа ұшыратпай, оны ғылыми зерттеулер арқылы пайдалана білсек, онда табиғи қорымыз елімізде жүз миллион халықтың талай ғасырлар бойы кедейсіз өмір кешуіне жетеді. Сондықтан, бізге бүгіннен бастап жеріміздің байлығын көзіміздің қарашығындай қорғап, келешек ұрпағымыз алдындағы борышымызды адал орындау үшін, елімізде жаңа қоғамдық сана қалыптастырып, соның ықпалымен тәуелсіз, мықты мемлекет құруымыз қажет.
АЭС салу мәселесі біздің халқымыз үшінде, билік үшінде үлкен сынақ. Бұл, әр азаматтың билік жүйесінің өкіліме, қарапайым қатардағы адамба, байма, кедейме кім екеніне қарамай олардың өз отанының тағдырына, еліне-жеріне, ұрпағының келешегіне деген таза адами сезіміне сынақ. Жүрегі мен сана- сезіміне сын. Әсіресе, ұлт зиялыларымыз деп кеуде қағып, жұртқа танымал болып, атақ- мадағы, марапаттары бар: ақын, жазушылар, ғалым, мемлекет қайраткерлері мен қоғам қайраткерлері, өнер мен мәдениет саласының атақты серілері және басқада қалам ұстағандардың ұяты мен арына сынақ болады. Референдумның нәтижесі халыққа кімнің, кім екенін көрсететіні белгілі болады. Бұл біздің елдің келешекегін анықтайтын сынақ.
Болат Дүйсембі, 12.08.2024ж