ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ қабылдап, ХАЛЫҚ ПАРЛАМЕНТІН құру қажет!

Қоғамдық ұйымдардың «Қ А З А Қ   Е Л І»  бірлестігінің халыққа

Ү Н Д Е У І

               2020 ж. 8-қыркүйекте Алматыда (Покровка аулы) бірнеше қоғамдық ұйымдар басшылары жиын өткізді. Алматы, Талдықорған, Астана, Шымкент, Семей, Өскемен, Атырау, Ақтау, т.б. қалалар мен облыстардың өкілдері бұл жиында «Жүгенсіз кеткен Қазақстан билігін ауыздықтау үшін Қоғамдық ұйымдар қалай бірлесе алады?», «Мақсатқа жету үшін қандый іс-әрекеттер жасау керек?» деген мәселелерді талқылады. 

      Жиынға шақырылған 1970-1980 жж. саяси тұтқыны, «Азат» қозғалысы төрағасы Хасен Қожа-Ахмет осы мәселелерге өз пікірін айтып «ҚАЗАҚ ЕЛІ» атты қоғамдық ұйымдар бірлестігін құруды ұсынды. 

     Осы жиында «ҚАЗАҚ ЕЛІ» бірлестігіне бас қосқан қоғамдық ұйымдардың 2021 жылдың наурыз айына дейін атқаратын іс-шаралары белгіленді.

     1. Алдағы болар Парламент Мәжілісі мен жергілікті Мәслихаттар сайлауына тек саяси партиялар ғана емес, 50 пайыз орын өзін өзі ұсынатын кандидаттарға жол беретіндей «Сайлау заңына» өзгерту енгізілуін ҚР Президенті Қ.Тоқаевтан талап етіледі;

       2. Бұл талап орындалмай, Мәжіліс пен Мәслихаттар тек «Нұр-Отан» мен өзге де биліктің «қуыршақ» партияларынан құралған жағдайда «ҚАЗАҚ ЕЛІ» бірлестігі халықты мұндай сайлаудың нәтижесін мойындамауға шақыратын болады;

     «Халық Парламантін» құруға, 1995 ж. Н.Назарбаев жеке-дара қабылдап Қазақстанда авторитарлық құбыжық жүйені нығайтқан «Конституцияға» балама «Жаңа Конституция» жасауға халыққа ұсыныс жасалынады;

     3. 30 жыл бойына Қазақстан байлығын есепсіз жалмаған биліктегі жемқорлардың тәубаға келмесіне бүгінде қайыршылық күйдегі көпшілік халықтың көзі жетіп, күдерін үзіп отыр.  Осыған байланысты «ҚАЗАҚ  ЕЛІ» халыққа өз ортасында жүрген адал азаматтарын өзі таңдап «Балама Үкімет» құруға кірісуге шақырады;

     4. «Халық Парламентін», «Жаңа Конституцияны», «Балама Үкіметті» жасалу жолдарын  халыққа түсіндіретін құжаттар жарияланады; 

     5. «ҚАЗАҚ ЕЛІ» бірлестігінің туы ретінде Ресей отаршылдары құлатқан Қазақ хандығының туы (Алматыдағы Тәуелсіздік мемориалын қараңыз) қайта көтеріледі. Көк туда алтын бояумен Хантаңба және Қазақтың негізгі руларының таңбалары болады.

       «ҚАЗАҚ ЕЛІ»  бірлестігінің  «Ақсақалдар кеңесін» құру Х.Қожа-Ахметке тапсырылды.

     Ардақты ағайын! Ата-бабаларымыз ғасырлар бойына жатқа бермей, біздерге мұраға қалдырған Отанымызды талан-таражға салып тонап, тонатып отырған қазіргі билікті ауыздықтау үшін, әділетті бақытты қоғам орнату үшін баршаларыңызды «ҚАЗАҚ ЕЛІ» бірлестігінің туы астында бас қосып, күш біріктіруге шақырамыз! 

    «ҚАЗАҚ ЕЛІ» бірлестігіне ұжымдық я жеке өтініш арқылы қабылданады. Ұйымымен мүшелікке кірген басшы Бірлестік Басқармасының мүшесі болып саналады.   

    «ҚАЗАҚ ЕЛІ» бірлестігінің Ұйымдастыру Орталығы. 

Байланыс телефондары Алматыда 8-707-495-2132, 8 727) 382-57-61.

Хат үшін: 050060. Алматы қ. Гагарин көш. 181 үй, 20 п.. Астана қ. 8 708 550 03 23.  Сондай-ақ облыстардағы «Азат» қозғалысы бөлімдеріне (Павлодар – 8705 5705944; Тараз -8 708 176 3290; Ақтау -8 701 556 4279; Орал қ.-8 705 567 1866; Шымкент – 8 702 433 6323) және Бірлестіктің Құрылтайына қатысқан өзге де қоғамдық ұйымдармен хабарласуға болады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.